АЛДАҒЫ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНДІ
ҚР Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Үкіметі аталған заңнамаға сүйене отырып, биылғы мереке күндеріне байланысты демалыс күндеріне өзгеріс енгізді.
2018 жылы жұмыс күндері: 9 наурыз 3 наурызға, 30 сәуір 28 сәуірге, 8 мамыр 5 мамырға, 31 тамыз 25 тамызға, 31 желтоқсан 29 желтоқсанға ауыстырылады.
Еске сала кетсек, алдағы наурыз айында қазақстандықтар халықаралық әйелдер мерекесінде төрт күн демалады.
2018 жылы демалыс күндерін өткізу туралы ҚР Үкіметінің Қаулысымен таныса аласыз.