Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қоғамдық көліктердің жол сызбасы қайта қаралады

Қызылордада қоғамдық көліктердің жол сызбасы қайта қаралады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы бойынша 400 жуық қоғамдық көлік тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оның ішінде – 25 бағыт қалаішілік болса, 8 бағыт қала маңына қатынайды. Қазіргі таңда қоғамдық көліктердің жол сызбасы тұрғындардың сұранысына сәйкес оңтайландыру үшін тиісті шаралар жасалуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов мәлімдеді.

«Қаланың бірқатар мөлтек аудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жол сызбалар әзірленді. Осы ретте жолаушылар тасымалына арналған конкурс өткізілмек. Соңғы кезде қоғамдық көлік мәселесіне байланысты пікірлер көп. Пандемияға байланысты жолаушылар ағыны едәуір азайып, жолаушы тасымалы қызметін көрсететін жеке кәсіпкерлер біршама шығынға ұшырады. Осы мәселе бойынша шығындарды өтеу үшін облыстық бюджеттен субсидиялауға қажетті құжаттар дайындалды. Субсидиялаудағы басты мақсат − жол жүру тарифтерінің өсуіне жол бермеу және жолаушы тасымалы қызметін жақсарту. Айта кетейік, қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесін пайдалану 70 пайызды құрады. Қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында тиісті шаралар жүргізілетін болады», – деді Бауыржан Әліпбайұлы.
15 қазан 2021 ж. 144 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области