Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Грекияда Олимпиада алауы жағылды

Грекияда Олимпиада алауы жағылды

Kyzylorda-news.kz. Аталған шара көрерменсіз өтті. Оған тек ресми тұлғалар – ел президенті Катерина Сакелларопулу, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах, Грекия Олимпиада комитетінің басшысы Спирос Капралос және тағы басқалары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алауды жағу рәсімі YouTube арнасынан көрсетілді. Олимпиада алауының шырағын бірінші болып тау шаңғышысы Иоаннис Антониу көтереді.

Алау Ежелгі Олимпия стадионынан қазіргі заманғы Олимпиада ойындарының негізін қалаушы, француз бароны Пьер де Кубертен ескерткішіне дейін апарылады.

Бұдан кейін түнге қарай оны Афинаның Акрополіне апарып, 19 қазанда Қытай делегациясына табыстайды.

Грекияда алау эстафетасы COVID-19 вирусына байланысты шектеуге байланысты өткізілмеді.

Айта ктерлігі, Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылғы 4-20 ақпан күндері аралығында өтеді.

Фото: tass.com

18 қазан 2021 ж. 69 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области