Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада шағын және орта бизнесті дамыту бағытында 1 975 жоба қаржыландырылды

Қызылордада шағын және орта бизнесті дамыту бағытында 1 975 жоба қаржыландырылды

Kyzylorda-news.kz. Бизнестің қарқынды даму үдерісіне мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың үлесі зор. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қызылорда облысында жалпы 23,8 млрд. теңгеге 1 975 жоба қаржыландырылды.

Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы» аясында 1360 жобаға 20,8 млрд. теңге, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 450 жобаға 1,9 млрд.теңге, «Өңірлік инвестициялық орталық» тарапынан 165 жоба бойынша 1,15 млрд.теңге бөлінді.

Несие портфелі өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге ұлғайды. Оған мемлекеттік бағдарламалары аясында несиелердің сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі, мемлекеттік кепілдіктер лимиттерінің ұлғаюы және кредит беру саласының кеңеюі себеп болды.

Бұдан бөлек, жергілікті тауар өндірушілерді қаржыландыру үшін ағымдағы жылы 2 пайыздық несиелеу бағдарламасы іске қосылды.

Осы мақсатта облыстық бюджеттен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына 400 млн. теңге тартылды. Қазірдің өзінде бөлінген қаражат шеңберінде тауар өндірушілердің 14 жобасы үшін 348 млн. теңге мақұлданды.

Айта кету қажет, келер жылға 2 пайызбен несиелеу бағдарламасына 500 млн. теңге қаралды. Қажет болған жағдайда, бөлінген қаражат көлемін ұлғайту мүмкіндігі бар.

Бұдан бөлек, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің және кәсіпкер болуға әлеуетті жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қаржыландыру шаралары жалғасуда.

Биылғы жылы мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жалпы көлемі 1,7 млрд. теңгеге 2 592 жоба өтеусіз гранттармен қамтамасыз етілді.
18 қазан 2021 ж. 83 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области