Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада теріс дін ағымының белсендісі сотталды

Қызылордада теріс дін ағымының белсендісі сотталды


Kyzylorda-news.kz. Бұған дейін Қызылорда облысы полиция департаментінің және Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымының жақтасына іздеу салынған болатын.

Сотпен тыйым салынған діни экстремистік ұйымының шарттары мен дәстүрлерін ұстанып, оның қызметін ұйымдастырып, жақын діни байланыстарына діни алауыздықты қоздыратын және діни экстремистік деп танылатын ақпараттарды үйрете отырып насихаттаған 48 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.

Оның діни экстремистік ұйымының жиындарын қала аумағында ұйымдастырып, жасырын уағыздар жүргізгені анықталды.

«Арнайы іс-шаралар материалдарын талдау барысында оның іс-әрекеттерінде құқық бұзушылықтың белгілері байқалғандықтан, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қалалық сотының Үкімімен азамат 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына жауапкершілікке тартылып, пробациялық бақылауға алынды», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.
20 қазан 2021 ж. 93 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области