240 қызылордалық өрен әскер қатарын толықтырады
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жас ұландарды Отан алдындағы борышын өтеуге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Әскерге аттанған Сыр ұландары еліміздің қарулы күштер қатарын толықтырады.
Шара барысында облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы Қайреддин Баймаханов, «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы, запастағы подполковник Мыңділда Ршауов, қалалық жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы Айдын Тыныштықбай және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, полковник Алмас Чункунов жас ұландарға Отан алдындағы борышын өтеу жолында сәттілік тіледі.
Айта кетейік, осы күні әскерге 60-қа жуық қызылордалық сарбаз аттанды. Күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасып, 240 қызылордалық өрен әскер қатарын толықтырады.