Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы тағайындалды

«Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы тағайындалды


Kyzylorda-news.kz. «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы қызметіне Мөлдір Қалымбет тағайындалды.

2014 жылы Қызылорда облыстық “Ақмешіт жастары” газетінде тілші, 2016-2021 жылдары облыстық “Сыр бойы” газетінің тілшісі қызметін атқарған.

ҚР Журналистер одағының мүшесі. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының жастарға табысталатын «Сыр үміті» сыйлығының иегері. Қала әкімдігінің «Ұшқыр қалам» фестивалінде «Жас тілші» номинациясымен марапатталған.

“Түркітілдес журналистер” қоры ұйымдастырған Стамбұл-Солтүстік Кипр Республикасындағы БАҚ өкілдеріне арналған ағылшын, түрік тілдерін оқыту курстарының, семинарларының қатысушысы.

Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы халықаралық қысқы журналистика мектебінің куәлігімен, халықаралық қысқы журналистика мектебінде “Ең үздік мақала” номинациясымен марапатталған. Облыс әкімінің, облыстық ішкі саясат басқармасының, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарын иеленген.
20 қазан 2021 ж. 102 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области