Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс

Kyzylorda-news.kz. Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бесінші – Ассамблеяының әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жобаларды қолдау тәсілдерін дамыту. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері жыл сайын көптеген маңызды жобаны жүзеге асырады. Бұл ретте олар мемлекеттен ақпараттық қолдау және ұйымдастыру жағынан ғана көмек алады. Мұндай бастамаларды Ассамблеяның халықтық жобасы деп атауға болады. Олардың авторлары ресми түрде Ассамблея жобасының жетекшісі ретінде танылуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған орай Мемлекет басшысы бейінді министрліктер әкімдіктер көп адамды қамтитын республикалық жобаларды жүзеге асыру барысында Ассамблеяның, оның құрылымдарының жұмысына қолдау көрсетуі тиістігін баса айтты.

«Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға емес ҚХА-ның халықтық бастамалары үшін ресурстық орталықтар және жобалық кеңселерге айналуы тиіс. Этномәдени бірлестіктер де бұл жұмысқа белсенді қатысуы қажет», – деді ҚР Президенті.
21 қазан 2021 ж. 82 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области