Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Серікқали Брекешев: Сырдарияға қатысты қарашада тағы да келіссөз жүргізіледі

Серікқали Брекешев: Сырдарияға қатысты қарашада тағы да келіссөз жүргізіледі

Kyzylorda-news.kz. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев екі өзеннің – Жайық және Сырдарияның экологиялық жағдайы туралы айтты.

«Жайықтың жағдайы өте күрделі. Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз, бірақ оңай болмайды. Біріншіден, су аздығы. Жыл бойы су аз. Бұған көптеген факторлар әсер етуде. Қазір біздің мамандар ресейлік мамандармен бірге жұмыс жүргізуде. Таяу уақытта біз Жайық өзенінің су тапшылығы проблемалары бойынша бір шешім табамыз», – деді Экология министрлігінің басшысы Сенат отырысында.

Оның айтуынша, зерттеу жұмыстарына қажетті қаражат Білім министрлігімен бірлесіп, мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында бөлінеді.

«Сырдария және басқа да шекаралас өзендер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірақ шешім тек қазақстандық тарапқа ғана байланысты емес. Егер Сырдария туралы айтатын болсақ, онда бұл Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен де байланысты. Мен жуырда ғана Тәжікстанда болдым, онда Тәжікстанның су ресурстары министрімен, Өзбекстанның су ресурстары министрімен кездестім, жақын арада – қарашадан кешіктірмей осы жағдай бойынша тағы да келіссөздер жүргіземіз деп келістік», – деп қосты Брекешев.

Бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Трансшекаралық өзендер департаментінде Оралдың экологиялық жағдайы туралы айтылған болатын. Бұл мәселе бойынша экологтар да сөз сөйледі. Олар өзеннің таяз болуы экологиялық апат қаупін төндіреді деп санайды.
22 қазан 2021 ж. 180 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области