Сырдарияда мұнай ұңғымаларының құбырларын ұрлаған күдіктілер ұсталды
Kyzylorda-news.kz. Қаладағы мұнай компаниялардың жұмысшысы Сырдария аудандық полиция бөліміне қазан айының 20-на белгісіз біреулердің мұнай ұңғымасының 57 метр темір құбырларын ұрлап кеткені туралы арызданған.
Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар екі күдікті азамат анықталып, ұсталды. Олар қала орталығының тұрғындары екені белгілі болды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмысытқ кодекстің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.