Жаңақорғанда теледидар мен пеш ұрлаған тұрғын ұсталды

Аудандық полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру нәтижесінде 23 жастағы бұрын сотты болған азамат анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктіден айғақ заттар алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (тұрғын үй жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.