Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мал ұрлаған төрт 4 адам ұсталды

Қызылордада мал ұрлаған төрт 4 адам ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында мал ұрлаған 4 адам ұсталды.

Наурыз айында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне Махамбет ауылының тұрғыны белгісіз біреулер үйінің мал қорасынан 5 бас қойын ұрлап кеткендігі туралы арызданған болатын. Жәбірленушіге 225 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Полицейлермен жүргізілген кешенді жедел-тергеу жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 4 азамат анықталып, ұсталды. Олар 22-26 жастағы қала тұрғындары екені белгілі болды. Сонымен қатар, күдіктілердің қала аумағында орын алған басқа да мал ұрлықтарына қатыстылығы тексерілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
26 тамыз 2021 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области