Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада пәтерге ұрлыққа түсушілер азаймай тұр

Қызылордада пәтерге ұрлыққа түсушілер азаймай тұр

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.

Жәбірленушінің айтуынша кешкілік уақыт 17:00-18:30 аралығында белгісіз адам, үйінің асхана бөлмесінің пластик терезесін күштеп ашып кіріп, қонақ бөлмедегі шкаф ішінде тұрған алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 610 мың теңгені құрайды.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Ақсай Полиция қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде «ізін суытпай» 36 жастағы бұрын сотты болған, облыс тұрғыны күдікті азамат ретінде тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3 тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сонымен қатар Тасбөгет кентінде де пәтерге ұрлыққа түскен ұрыны ұстады. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері жеке үйдің заттарын ұрлады деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Кезекші бөлімге 15 тамыз күні жеке меншік үйдің тұрғыны жүгініп, күндіз 12:00-14:00 шамасында белгісіз біреудің оның үйінің дәліз бөлмесінің пластик терезесін күштеп ашып, теледидар алдында тұрған «Отау ТВ» тюнерін, жатын бөлмесіндегі қара түсті сөмкеде тұрған кілттер жинағы және пластикке арналған өтегін ұрлап кеткен. Келтірілген залал 79 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті анықталып, ұсталды. Бірнеше рет ұрлық жасағандығы болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабы 3 бөлігі (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық – мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
17 тамыз 2021 ж. 296 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области