Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Вакцина алмағандар жұмыстан қалай шеттетіледі

Вакцина алмағандар жұмыстан қалай шеттетіледі

Kyzylorda-news.kz. Вакцина алмағандар жұмыстан ешқандай төлемсіз шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмыс берушінің осындай құқы бар. Бұл жөнінде бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы санитарлық нормасы күшіне енді. Құжатта міндетті вакциналаудан өтпеген адамды жұмысқа жібермеуі керектігі көрсетілген. Екпе алмағандар ПТР тест тапсыруы тиіс. Егер аталған талаптар орындалмаса, жұмыс беруші қызметтен шектей алады және ешқандай ақы төлемейді. Тек екіжақты келісім болса ғана айлықтың жартысын немесе ең төменгі еңбекақы мөлшерін беруі мүмкін. Төлеген Оспанқұлов, –

«Осыған қатысты сауалдар жиі кездеседі. Еңбек кодексінің талаптары бойынша жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысын негізге ала отырып, вакцина алмаған және ПТР тестіден өтпеген жұмысшыларды еңбекке араластырмау керек. Денсаулық туралы кодекс бойынша бас санитар дәрігердің қаулысын орындау міндетті. Сондықтан қазіргі таңда жұмыс берушілер вакцина алмаған қызметкерлерін жұмысқа жібермеуге құқылы. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемеуге де құқы бар», – деді ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/505894-elordada-vaktsina-alma-andar-zh-mystan-alaj-shettetiledi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
23 қазан 2021 ж. 82 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области