Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Г.Әбдіқалықова: Пандустар азаматтардың қимыл-қозғалысына қолайлы болу керек

Г.Әбдіқалықова: Пандустар азаматтардың қимыл-қозғалысына қолайлы болу керек

Kyzylorda-news.kz. Өткен айда облыс әкімінің жастармен кездесуінде «Жылы жүрек жастар» ҚБ-нің жетекшісі Сағатбек Сиюов мүгедектігі бар жандардың мәселесін қозғап, аймақ басшысына әлеуметтік нысандардағы пандустардың қолайлылығын бақылау үшін қаладағы ғимараттарды бірге аралауға ұсыныс жасады. Өз кезегінде өңір басшысы көтерілген ұсыныстың өзекті екенін алға тартып, бүгін Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, мүгедектігі бар азаматтар үшін жасалған жағдайды тексерді.

Алдымен, аймақ басшысы орталық алаңдағы және Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрына кіре берістегі пандустың бейімділігін көрді. Облыс әкімі орталық алаңда облыстық сот ғимараты жанындағы тротуарға шығатын пандус жоқ екенін және театрға көтерілетін пандус биік екенін айтып, жауапты басқарма басшыларына кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Мұнан кейін аймақ басшысы мен «Жылы жүрек жастар» ҚБ-нің жетекшісі «Bauyrdaq» фастфуд орталығы мен «Europharma» дәріханасына барды. Фасфуд орталығының кірер жолында пандус орнатылмаған, ал дәріханада тым биік жасалған. Аймақ басшысы кәсіпкерлік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалу қажет екенін баса айтып, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сұлтан Мақашов пен қала әкімі Ғанибек Қазантаевқа тиісті жұмыстарды ретімен жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімі Тәуелсіздік даңғылында орнатылған пандустарды қарады.

«Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жерде де орналастырылған пандус биік және сүйеніш темірі (перила) жоқ. Мұндай кемшіліктерге жол берілмеу қажет. Пандустар азаматтардың қимыл-қозғалысына қолайлы болу керек. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау біздің міндетіміз. Азаматтармыз өз еріктерімен кедергісіз қозғалу керек. Кемшіліктерді кезең-кезеңімен қалыпқа келтіруді тапсырамын, бұл жұмыстар бақылауымда болады», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.




28 қазан 2021 ж. 57 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области