Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласында заңсыз жүрген 390 шетел азаматы анықталды

Қызылорда қаласында заңсыз жүрген 390 шетел азаматы анықталды

Kyzylorda-news.kz. 11-18 қазан аралығында «Нелегал-Кордон» жалпы республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, сондай-ақ өзара іс-қимылды жандандыру, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтау.

Заңсыз еңбек көші-қонының жолын кесу үшін Қызылорда облысында да рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 390 заң бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар 7 шетел азаматы сот қаулысымен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен аластатылды.

ҚР ҚК-нің 394 бабымен 1 Қазақстан Республикасының азаматшасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, Басқарманың анықтау бөліміне жолданды. Тәртіп сақшылары шетел азаматтарының заңсыз еңбек жұмыс күші жұмыстары мен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтау мақсатында жұмыстарын жалғастыруда.
29 қазан 2021 ж. 67 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области