Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорданың сабыны Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына тасымалданады

Қызылорданың сабыны Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына тасымалданады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық жас кәсіпкер Даулет Ізбасарұлы 2021 жылдан бастап сабын шығаруды қолға алды.

Кәсіпкер биылғы жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грантқа қатысып, 4,5 млн. теңге қаржылай қолдауға ие болды.

Ұтып алған гранттық қаржыға цехты кеңейту және «Ұнтақ өндірісі» жобасын жүзеге асырмақ.

«Қазіргі таңда ұнтақ өндіруге мүмкіндік беретін цех құрылысын жүргізудеміз. Алдағы уақытта «Таза ұнтақ» атауымен сатылымға шығармақпыз. Ал, бүгінде табиғи таза, сапасы жоғары сабын өнімдерінің өлшеміне қарай 5 түрін өндірудеміз. Цехта 20-дан астам адам еңбек етеді», – деді жас кәсіпкер.

Қазір шағын цех бір күнде орта есеппен 1500 дана сабын шығарады.

Қызылорда облысы тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етіп отырған өнімдер Нұр-Сұлтан, Ақтөбе өңірлеріне де тасымалданады.
01 қараша 2021 ж. 87 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области