Емшіге сенген қызылордалық бойжеткен 550 мың теңгесінен айырылып қалды
Kyzylorda-news.kz. Қала тұрғындарының сеніміне кірген 21 жастағы бойжеткен өзін емші ретінде таныстырған.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны арызданған. Айтуынша, алаяқ емшінің құрбаны болған.
Ағымдағы жылдың қыркүйек – қазан айларында белгісіз азаматша, оны әңгімеге тартқан. Артынша, емшілік жолмен денсаулығын қалыпқа келтіріп беруге уәде еткен. Осылайша емшінің арбауына түскен қала тұрғыны еш ойланбастан қолына 550 мың теңге ақшасын ұстата салған.
Шұғыл шаралардың нәтижесінде 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
«Қазіргі таңда аталған алаяқтық іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену)іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруәрекеттері жүруде», делінген полиция департаментінің хабарламасында.