Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 3 аудан табиғи газға қосылды

Қызылордада 3 аудан табиғи газға қосылды

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы аймақтағы 3 аудан орталығын газдандыру жұмыстары толық аяқталып, 46 мың тұрғын табиғи газбен қамтылды. Атап айтқанда, Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттері көгілдір отынның игілігін көруде. Алдағы уақытта аймақтағы ірі елді мекендерді газға қосу бойынша жұмыстар жасалуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов хабарлады.

«Облыс тұрғындарының табиғи газға қосылу үлесі 65 пайызды құрады. Бүгінде аймақтағы тіректі елді мекендерді газға қосу жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтсақ, өткен жылы Арал ауданыныдағы Жақсықылыш кенті, Қазалыдағы Ғ.Мұратбаев және Шиелідегі Байсын елді мекендеріне көгілдір отын жеткізілген. Ал биыл Қазалы қаласы, Шиелі ауданыныдағы Н.Бекежанов пен Ш.Қодаманов ауылдарына газ тарту жұмыстары басталып, қазіргі таңда құрылыс аяқталуға жақын. Қармақшы ауданындағы Төретам кенті мен Ақай ауылына көгілдір отын жеткізу жұмыстары 2022 жылдың соңына дейін жүзеге аспақ. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Қала маңындағы Наурыз және Ж.Махамбетов ауылдарын газдандыру үшін республикалық бюджеттен 500 млн теңгеге жуық ақша қаралып, жұмыс жоспар бойынша 2023 жылы аяқталуы керек.

Сондай-ақ «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Қазалы ауданына қарасты Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр, Басықара ауылдарын газдандыру жоспарлануда, – деді Ерлан Ералыұлы.
03 қараша 2021 ж. 111 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области