Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 1 300-ден астам адам емханаларға алғаш рет тіркелді

Қызылордада 1 300-ден астам адам емханаларға алғаш рет тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Емханаға еркін тіркелудің аяқталуына 2 аптадан аз уақыт қалды. 15-қыркүйектен 15-қарашаға дейінгі кезеңде азаматтар өз қалауы бойынша емхананы ауыстыра алады немесе алғаш рет тіркеле алады. 2021 жылғы науқан кезеңінде 188 мың адам бекітілу ұйымын өз таңдауы бойынша өзгертуді шешкен. Алғаш рет емханаларға 1 316 адам бекітілді.

Қолжетімді бекіту

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 19,4 млн-нан астам адам бекітілген, олардың ішінде шетелдіктер мен қандастар да бар.

Шетелдіктерге қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қазақстан аумағында тұрақты тұратын және тиісті құжаттарды, яғни тұруға ықтиярхатты алған шетелдік азаматтар емханаға тіркеле алатыны айтылып өтті. Ал «Көші-қон туралы» ҚР Заңы бойынша Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ЕАЭО қатысушы елдері (Ресей, Белоруссия, Қырғызстан және Армения) азаматтарының (олардың отбасы мүшелері – жұбайларын және балаларын қоса алғанда) МСАК ұйымына бекіту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек алу үшін тиісті ерікті медициналық сақтандыру шарты (ЕМС) болуы тиіс.

Сонымен қатар олар аса қауіпті инфекциялар бойынша емделген жағдайда ТМККК шеңберінде қажетті медициналық көмекті ала алады. Аса қауіпті инфекция туындаған жағдайда кепілдендірілген тегін медициналық көмек алуға Қазақстанда уақытша жүрген басқа елдердің азаматтары да құқылы.

Өңірлік бөліністе

Тіркелген халықтың жалпы санының 40% – дан астамы, атап айтқанда 7,8 млн адам-ауылдық жерлердің тұрғындары болып табылады.

«Тұрғындар Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдарға ғана бекітіле алады. Олардың тізімімен Қордың fms.kz. сайтында «Пациент үшін» бөліміндегі «Емхананы таңдау» арқылы танысуға болады», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында түсіндіреді.

Бүгінгі күні бекітілген халық тіркелімінде (БХТ) 643 медициналық ұйым бар, оларға қазақстандықтар тіркелген. Онда халыққа қызмет көрсететін 12 948 учаске құрылды.

Тіркелу мүмкіндігі-15 қарашаға дейін
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бекітілу науқаны жыл сайын өткізіліп, 15 қарашаға дейін жалғасатынын еске салады.

«Медициналық-санитариялық көмек ұйымын таңдап және учаскеге бекітіле отырып, пациент онда ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің барлық спектрін ала алады. Бұл жағдайда үйде қызмет көрсету мүмкіндігінің болуы үшін пациентке тұрғылықты жеріне жақын жердегі емхананы таңдау ұсынылады», – деп Қордың баспасөз қызметі кеңес береді.

Бекіту екі жолмен жүзеге асырылады.

  1. Электрондық үкімет порталында www.e.gov.kz бекітілу үшін (ЭЦҚ қажет). Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілу» қызметін таңдау қажет. Барлық жолдар толтырылғаннан кейін пациент туралы ақпарат автоматты түрде емханаға түседі. Егер барлық манипуляциялар дұрыс жасалса, медициналық мекеменің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған бекітілу туралы хабарлама келеді.
  2. Тікелей медициналық ұйымның өзінде бекітілу. Бұл мүмкіндік зейнеткерлерге, мүгедектерге, бала кезінен мүгедекке заң бойынша тағайындалған қамқоршыларға, қамқоршыларға немесе қорғаншыларға, патронат тәрбиешілерге, колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, медреседе оқитын студенттер мен азаматтарға, шет мемлекеттерде туылған балаларға, сондай-ақ сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтін адамдарға арналған. Ол үшін сол жерде өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.
  3. Қорда атап өткендей, емхананы бекітілу науқанынан тыс та ауыстыруға болады: егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе, сондай-ақ оның қазіргі емханасы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда.
Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге сол жерде көмектесе алмаған жағдайда, онда сіз ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-да SaqtandyryBot және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.
03 қараша 2021 ж. 101 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области