Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада арнайы техникалардың қысқа дайындығы пысықталды

Қызылордада арнайы техникалардың қысқа дайындығы пысықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев арнайы техникалардың қысқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің техникалық базасын аралады.

Қазіргі таңда серіктестіктің теңгеріміндегі техниканың 90 пайызы алдағы маусымдағы ауқымды жұмыстарға дайын. Ол үшін тыңғылықты даярлық шаралары жүргізілген. Сонымен қатар, мекеме базасына 240 тонна тұз және 1000 тонна құм жинақталған. Шаһар басшысы Ғанибек Қонысбекұлы серіктестік директорына құм мен тұз қоспасының сапасына ерекше мән беріп, қар тасымалдау сызбасы кестеге сай жүру қажеттілігін тапсырды. Ең басты талап – қар жауған сәттерде тұрғындардың қауіпсіздігі, жұмыстарына кептеліссіз жетулеріне жағдай жасау үшін көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын таңғы қарбаласқа дейін тазалауды жүктеді.

Соңғы уақыттары тұрғындар тарапынан қала тазалығына қатысты түрлі сыни сауалдар түсуде. Осыған орай, мекемеге қыс мезгіліне дайынбыз деп арқаны кеңге салып отыруға болмайтындығын, күнделікті күш-жігерді тазалық жұмыстарына жұмылдыру қажеттігін тапсырды. Қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беріп, бағыт-бағдар беруде тиімді тәсілдерді пайдалану керектігін айтты.


08 қараша 2021 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области