Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда екі ауыл ауыз су сервистік желісіне қосылды

Қазалыда екі ауыл ауыз су сервистік желісіне қосылды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр мен Майдакөл ауылдарында ауыз су сервистік желіге қосылды.

Өткен жылы Жанқожа батыр ауылында құрылыс жұмыстарын бастау үшін бюджеттен 120 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 16 шақырым ауыз су желісі тартылды. Нәтижесінде елді мекендегі 288 тұрғын үй сервистік желіге қосылды.

Дәл осындай жұмыстар Майдакөл ауылында да жүргізілді. Қазіргі таңда елді мекендегі 204 тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Қос ауылдағы құрылыс жұмыстарын Еркін Төребекұлы басқаратын «Алтын айдарлы» ЖШС жүргізді. Ауызбіршілігі мол ұжымның жұмысшылары құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын бітіріп, халыққа пайдалануға берілді.
09 қараша 2021 ж. 97 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области