Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Pfizer екпесімен кімдер ревакцинация жасай алады?

Pfizer екпесімен кімдер ревакцинация жасай алады?

Kyzylorda-news.kz. Ересектер Pfizer екпесімен ревакцинация жасай ала ма? Бұл сауалға брифинг барысында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Sputnik векторлық екпе болғандықтан, кез келген инактив вакцинамен ревакцинация жасауға болады. Алматыда азаматтар Sputnik, Pfizer сияқты екпелермен ревакцинация жасай алады, таңдау бар. Егер керісінше бірінші инактив екпе салдырған болса, онда Sputnik векторлық вакцинасымен ревакцинация жасай алады. Pfizer екпесімен ревакцинация жасағысы келетіндер тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға барып, өтінім қалдыруы тиіс. Қосымша доза болған жағдайда ревакцинация жасалады»,- деді спикер.

Оның айтуынша, Алматы қаласында Pfizer екпесін сақтауға арналған екі арнайы тоңазытқыш бар. Олар екпе сақтау орталығында орналасқан. Әрқайсысының сыйымдылығы – 35 мың доза. Тағы дәл осындай 4 тоңазытқышқа тапсырыс берілді.
11 қараша 2021 ж. 130 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области