Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Ресей нөмірімен жүрген автокөліктің жүргізушісі сотталды

Қызылордада Ресей нөмірімен жүрген автокөліктің жүргізушісі сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жаяу жүргіншіні қағып өлтірген Ресей нөмірін таққан автокөліктің жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 2020 жылдың 11 қазанында Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде болған. Облыс орталығының тұрғыны орталық көшелердің бірінде «Toyota Corona Premio» автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Бұл оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданған болатын. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Ресей нөмірін таққан автокөліктің жүргізушісі сотталғанын мәлім етті.

«Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен жүргізуші Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан және 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа 9 820 190 теңге моральдық және материалдық залалды өтеуді міндеттеді», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті.
12 қараша 2021 ж. 69 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области