Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ

АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ


    Қызылорда қаласындағы К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектепте «Асық ойыны» үйірмесінің тұсауы кесілді. Шараға облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Нұрлыбек Мыңжас қатысып, ұлттық ойынды дәріптеу арқылы оқушылардың тарихқа, салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыруға болатынын алға тартты.
    – Асық ойнаған азбайды. Ол ептілік пен мергендікке үйретеді. Бауыржан Момышұлы да асықты «үлкен халықтық тәрбие» деп көрсеткен. Техниканың билік құрған дәуірінде ойын баласын дала ойындарына қызықтыру, ұлттық спортқа баулу – заман талабы. Бізде де асықтарын иіріп ойнайтын балғындар саны арта түссе деген ниет басым, – деді Н.Мыңжас.
    Ары қарай оқушыларға асықтың тарихы, оның ережелері жайлы мағлұматтар беріліп, «Ұлттық ойындар туралы не білеміз?» тақырыбында викториналық сайыс өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған үйірменің берері көп. Оның үстіне медицина мамандары да асық атудың балалардың көңілін гаджет пен смартфондардан бөліп, физикалық және психологиялық дамуына оң әсер тигізетінін дәлелдеген.

01 наурыз 2018 ж. 1 305 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области