Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ashyq-тағы «жасыл» статусының мерзімі ұзарады

Ashyq-тағы «жасыл» статусының мерзімі ұзарады

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрлігі ревакцинациядан кейін Ashyq-тағы «жасыл» статустың мерзімін ұзартады. Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол қазіргі ереже бойынша вакцинаның екі дозасын алған адамдарда бір жыл бойы «жасыл» статус болатынын атап өтті. Ал ревакцинация кезінде статус мерзімі ұзартылуы мүмкін.

«Қайта вакцина алатындар үшін «жасыл» статус мерзімін созу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Оның ұзартылатыны түсінікті, әрине. Бізге тек «жасыл» статустың қанша мерзімге ұзартылатынын анықтау қажет», – деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ ол әлемде вакцинадан кейін иммунитеттің қанша уақыт сақталатыны жайлы деректер жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Ревакцинацияның өзі иммунитеттің біз ойлағандай ұзаққа созылмайтынын дәлелдеп отыр. Яғни, екі жылға жетпейтіні анық», – деді министрлік өкілі.

Осы орайда БАҚ өкілдері қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны жыл сайын салдыра ма деген сұрақ қойды.

Есмағамбетованың айтуынша, әзірге денсаулық сақтау министрлігі мұндай мәселені қарастырып жатқан жоқ.
14 қараша 2021 ж. 89 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области