Қызылордада «Жас маман» жобасы тиімді жүргізілуде
Kyzylorda-news.kz. Колледждердің материалдық-техникалық базаларын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Жас маман» жобасы аймағымыздағы 9 колледжде тиімді жүзеге асырылуда.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2020 жылы 4 колледжге 1,3 млрд. теңге, 2021 жылы 5 колледжге 1,4 млрд. теңге, жалпы барлығы 2,7 млрд теңге қаржы бөлінді.
2020 жылы 4 оқу орны бойынша мамандар даярлау бағыттарына сәйкес мемлекеттік сатып алу конкурстары нәтижесінде құрал-жабдықтар толық жетікізіліп, жоба аясында 65 инженер-педагог біліктілігін арттырды.
Ағымдағы жылы 5 колледжге сатып алынатын құрал-жабдықтар тізбесі «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы нақтыланып, 1,446 млн. теңге қаржы конкурстар жарияланып, жабдықтар жеткізілуде.
Бүгінде жобаны жүзеге асырушы оқу орындары базасында құзыреттілік орталықтары ашылып, білікті жұмысшы және орта буын кадрларын даярлауда жұмыстар жасалуда.