Қазалыда қой бағуға шығып, боранды түнде жоғалған жасөспірім табылды
Kyzylorda-news.kz. Кәукей ауылдық округі, Ажар елді мекенінің 12 жасар тұрғыны Жанарыс Дәулетбай қой бағуға кетіп, үйіне қайта оралмаған.
Шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге ауыл тұрғындары, жасөспірімнің туған – туыстары, жедел құтқару қызметі, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, шекара қызметкерлері және автокөліктер мен арнайы техника жұмылдырылған болатын.
Бүгін, шамамен сағат 11:20 шамасындааудан орталығынан 210 шақырым қашықтықта жайылымдықтан 15 шақырым жерде сайдың ішінен жасөспірімді аман-есен табылды. Жоғалған мал да түгел.
«Қазіргі уақытта аман табылған бала ата – анасына тапсырылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер жасөспірімнің ата – анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, оқиғаның мән – жайларын анықтауда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.