Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиеліде 5 жастағы жоғалған бала табылды

Шиеліде 5 жастағы жоғалған бала табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер жоғалған баланы тауып, оны анасына тапсырды.

22 наурыз күні таңғы сағат 06:00 шамасында Қызылорда облысы Шиелі ауданының кезекші бөліміне сол ауданда тұратын кәмелетке толмаған 5 жасар бала үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмағаны туралы хабар түсті.

Жоғалған баланы іздеу үшін аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала аудан орталығынан табылып, аман-есен үйіне оралды.

Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.
24 наурыз 2021 ж. 242 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области