Қызылордалық полицейлер жоғалып кеткен 7 жасар баланы тапты
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында полицейлер күннің суығында үйінен шығып кеткен 7 жасар баланы тауып, ата-анасына тапсырды.
1 желтоқсан күні сағат 19:30 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасына қала тұрғыны сағат 14:30 шамасында 2013 жылғы кәмелетке толмаған ұлы үйінен ойнауға шығып, кешке дейін қайта оралмағаны туралы хабарлама берді.
Аталған хабарлама бойынша Қызылорда қаласы ПБ-ның жеке құрамы құлақтандырылып, жедел іздестіру шарасын ұйымдастырды. Нәтижесінде, сағат 20:00 шамасында қала көшелерінің бірінде тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген жерінен жасөспірім патрульдік полиция қызметкерлерімен табылып, анасына тапсырылды.
Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлерімен анасымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Табылған баланың ата-анасы Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлеріне жедел түрде атқарған жұмыстарына алғыстарын білдірді.