Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы шыны зауыты жыл соңына дейін іске қосылады

Қызылордадағы шыны зауыты жыл соңына дейін іске қосылады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы құрылысы созылып кеткен шыны зауыты жыл соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы Қазақстан президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.

«Биыл 45 миллиард теңгеге 4 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, нәтижесінде 500-ге жуық жұмыс орны ашылады. Олардың қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты бар», – деді Әбдіқалықова.

Облыс әкімі индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында құны 543 миллиард теңгеден асатын 46 инвестициялық жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Айта кетері, өңірде 2012 жылы салына басталған шыны зауытының құрылысы созылып кетті. БАҚ-та бұған дейін зауыт құрылысының 80 проценттен астамы аяқталғаны туралы ақпарат тарады. Балқыту ваннасы мен пештің жабдықтарын орнату жұмыстары ғана қалғаны айтылды.

Брифингте Гүлшара Әбдіқалықова әр сенбі сайын шыны зауытына арнайы барып, жұмысын бақылап отырғанын жеткізді. Өңір басшысының сөзінше, балқыту ваннасы мен пештің құрылысы да аяқталған, яғни шыны зауытының 95 проценті бітіп тұр. Шыны зауытын жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Осы жылдың тамыз айында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев шыны зауыты іске қосылғанда кем дегенде 8 ілеспе өндіріс ашылатынын айтқан болатын.

Шыны зауытының айналасында 2 жобаны іске асыру жұмыстары басталған. Барлық ілеспе өндірісте шамамен 400 адам жұмыс істейді.
18 қараша 2021 ж. 126 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области