Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ақтөбедегі теракті

Ақтөбедегі теракті

Kyzylorda-news.kz. Қала көшесімен бір адам келе жатты. Сырттай қарағанда орта жастағы еркек ешкімнен ерекшеленбейтін. Балағы қысқа ебедейсіз шалбары, иегіндегі сақалы ғана оны топ ішінен ерекшелеп тұратын. Егер көшедегі адамдар көзіне қарайтын болса, оның көзінен ақыл-есі кемтар немесе жын соққан адамдікіндей түсініксіз бір сәуле көрген болар еді. Иә, бірақ көшедегі барлық адам өз жөнімен асығып кетіп бара жатады, оның үстіне біреудің көзіне кім қарасын.

Арада бірнеше сағат өткенде ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ғимаратында жарылыс болды. Радикалды діни фанат жарылыс жасап, сол жерде өзі қаза тауып, үш адам жараланды.

Өткізу орнында Рахымжан Мақатовты бекет қызметкері тоқтатты, ол оны бұған дейін де көрген еді, әрине танығаны да рас. Бірнеше діни фанаттар ұсталған кезде қозғалған бір шулы іс бойынша куәгер ретінде өткені бар.

Жүрісі біртүрлі адам жедел қызметкер Диясовты көргісі келді, осы кезде іздеген адамы да департаментке жақындап келе жатқан еді. Офицер де Мақатовты жай жұмыспен жүрген шығар деп ойлап үлгерді. Бірақ сыралғы көзімен қарап өткен ол бірден түсіне қойды, бұл адам басқа мақсатпен келіп тұр – күртесінің ішіне қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жасырып тұрғанын аңғарды.

«Мүмкін бұл біртүрлі болып көрінетін шығар, бірақ менде қорқыныш сезімі деген болған жоқ. Мен жағдайды бірден түсіне қойдым да, сол жерде тұрғандардың бәріне тығылыңдар дедім. Тұрғандар қауіп-қатерді түсіне қоймады, айтқанымды орындауға асықпады, тағы да айқайлап айтуыма тура келді. Ал өзім Мақатовтың қасында тұрдым, ал ол болса мені белдігімнен ұстап алған еді», – деп Азамат Диясов сол күндерді еске алады.

Таңқаларлық жағдай, қауіптің қақпанында тұрған офицер басқалардың амандығын ойлап, жасырынуға пәрмен береді. Кейінірек сарапшылар жарылғыш құрылғының күшейтілген жойғыш күші болғандығы туралы қорытынды шығарды.

«Сараптама көрсеткендей, өзін-өзі жармақшы болған адам жарылғыш құрылғыны өзі үшін өте қауіпті адамның қасында, ҰҚК қызметкерінің қасында жаруды жоспарлаған. Офицер өжеттігінің және кездейсоқ жағдайдың әсерінен аман қалады: қылмыскер қолдан жасалған тумблерді алдын ала қосуды ұмытып кетіпті», – деп сарапшы-жарылғыш заттар маманы осындай қорытынды жасайды.

Өзінің және әріптестерінің өмірін өжеттігі, жағдайға байланысты тез бейімделгіштігі және терроршының қателігі сақтап қалды.

Офицер мен басқа қызметкерлерге төнген қатердің деңгейін түсіну үшін сарапшылардың сипаттамасын келтірейік:

«Қолдан жасалған жарылғыш құрылғының қуаты 400г. тротилді эквивалентке тең. Жарылғыш аммоний нитраты, алюминді ұнтақ және сіріңке басындағы күкірт негізінде жасалған. Тұйықталу түймесін басу арқылы электрлік жүйелердің тұйықталуынан детонатор іске қосылады, детонатор есебінде биомаркер қолданылған. Жарылғыштың жойғыш күшін арттыру мақсатында оған үлкен көлемде бұрандалар мен шойынды элементтер оралған. Бір кезде қарасам Мақатовтың толқығаны сонша есінен адасып тұрғандай, үздіксіз дірілдеп тұр екен. Бірақ жарылғыш құрылғысы жарылмаған соң, ол назарын төмендетіп, менің белдігімді жіберді де, беліне орап алған сымдарын шұқылай бастады. Қателігін түсінген ол енді тумблерді қосуға тырысты. Мен осы жағдайды пайдаландым. «Жатыңдар!» деп қатер туралы айналама ескертіп, Мақатовты жылдам фойенің адамы жоқ ортасына қарай итеріп жібердім (бекеттегі қызметкер де осы сәтте ескерту оғын атады), турникетті тасалауға тырысып, еденге жата кеттім», – деп еске алады жедел қызметкер Диясов.

Сол заматта-ақ жарылыс болды. Оқиға орнын алғаш қарағанда-ақ оның қауіпті болғандығы байқалды: жарылыс күші департамент ғимаратының бірінші қабатының барлық шынысын талқандап кетті, сыртта тұрған машиналардың дабылдатқыштары ойнап қоя берді. Мақатов сол тұрған орнында қаза тапты.

Адамдар терроризмнің тайғақ жолына қалай шығады және не үшін? Бөгде беделді адамдардың ықпалына қалай түседі? Жалған ұрандарға неге сенеді?

Психологтардың қорытындысы бойынша туған кезінде алған жарақаты Мақатовтың мінезінің психологиялық жағынан қалыптасуына айтарлықтай әсер еткен.

Бұдан бөлек ата-анасының тәрбиесінің ықпалды болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Әкесі қатал мінезді болғандықтан, баласын жиі жазалап отырған. Баласына үнемі көңілі толмай, оған жылылық танытудың орнына, керісінше оны ылғи қорлап, «ақылдырақ және жолы болғыш» жиендерін үлгі ететін.

Ақтөбедегі теракті қауіп-қатердің бар екендігін көрсетті. Теракті жүзеге асқанда, әрине, адамдардың сенімі жоғалып, бейбіт халық дүрбелеңге түсер еді, жалпы жағдай шайқалып, тізбектеліп кететін оқиғалардың орын алуы да сөзсіз еді.

Әрине, болған оқиға бірден төтенше жағдай сипатын иеленді. Отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары болған оқиға туралы жарыса айтып жатты. Басылым журналистері оқиғаның бүге-шігесін білгісі келді, Мақатовқа қатысты әртүрлі теңеулер беріліп жатты: қазақстандық тұңғыш өзін өзі жарушы, тұңғыш шаһид және тағы да басқа салыстырулар.

Қоғамды дүр сілкіндірген оқиға болғандықтан, БАҚ бұл тақырыпты бірнеше ай бойы қайталады. ҰҚК департаментіне көршілес үйлердің тұрғындары өздерінің көңіл-күйлерімен, сезімдерімен бөлісті. Ал, болған оқиғадан көлемі әлдеқайда зардапты болуы мүмкін бұған дейінгі терактілердің тізбегін ауыздықтай білген офицерлердің бірнеше ай бойы күн-түн қатқан тынымсыз да ауқымды еңбегі кадр сыртында қалып жатты.

Жергілікті радикалдарды анықтау және ұстау бойынша операциялар ұзақ уақыттан бері дайындалып, жүріп жатқан еді. Нәтижесінде, «Аңсар-уд-дин» («Дін көмекшілері») террорлық бастауыш ұйымының мүшелері болған және жиһадқа дайындалып жатқан он шақты адам осы жарылыстың алдында ғана, екі апта бұрын ұсталған болатын.

Тергеу барысында жиһадшылардың жедел деректері мен жоспарлары мәлім болды. Олардың ойы сонау Ауғанстан жеріне барып, радикалдар жағында америкалық сарбаздарға қарсы және Солтүстік Кавказға барып ресейлік әскерилерге қарсы жауынгерлік ұрыстарға қатысу екен.

Ақтөбелік радикалдарға «Исламдық жиһад одағы», «Кавказ имараты» секілді халықаралық террорлық ұйымдардың шетелдік эмиссарлары мен мүшелері жетекшілік еткен.

Жаңа келген мүшелерін жауынгерлік дайындықтан өткізу барысында қолданылған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің айтарлықтай арсеналы олардың ойларының шындық екендігін, қоғам үшін қандай қатер төндіргендігін дәлелдейді: Калашников автоматы, Макаров тапаншалары. Тінту кезінде табылған арнайы техникалық құралдар олардың ерекше дайындық түрлерін де қарастырғандығын байқатты.

Сонымен қатар Ақтөбелік радикалдар халықаралық террорлық ұйымдарды қаржыландыруға да қатысып отырған, яғни ақшаларын банктер арқылы немесе байланысшылары арқылы жіберіп тұрған.

Шетелдік ақша алушылар бұған жауап ретінде өздерінің қозғалыстарына қосылуға үндеп алғыс айтқан роликтер жазған. Өз кезегінде, ақтөбелік «Дін көмекшілері» егер Ауғанстанға бара алмайтын болса, онда Қазақстанда террорлық шабуылдар жасайтындығын айтып ант береді.

2011 жылғы 4 мамырда ҰҚК департаменті ұстаған бастауыш ұйымның барлық мүшелерінің арасында Рахымжан Мақатов та бар болатын.

Тергеудің бас жағында ол өзінің өкінетіндігін байқатып, тергеумен белсенді түрде ынтымақтасты. Сондықтан оны куәгер ретінде қалдыру ұйғарылған еді.

Ол қатардағы куәгер емес еді. Мақатов бастауыш ұйымның басшысы Махуовтың оң қолы еді. Адам қасиеттерін шебер меңгерген ол жамағаттағы ең сезімтал бағыт болып табылатын идеология саласына жауап берді. Жүйедегі жалған діни мақалалар, кітаптар және бейнероликтерді жазып алып, оларды «бауырларының» арасында талмай, жалықпай таратып, өз жұмысын «үздік» атқарды.

Осыған қарамастан, жедел қызметкердің жұмысты дұрыс ұйымдастыруының арқасында, Мақатовтан тергеу үшін маңызды мәліметтер алудың орайы келді. Кейінірек, діндес бауырларының алдында өзін кінәлі сезінуі теракті жасап өзін жару туралы ойға итермелеген.

Ақтөбе облысындағы жоғарыда айтылған қайғылы жағдай Қазақстандағы соңғы оқиға болмады. Өз заманы үшін мұндай оқиғалар айтарлықтай сипатта болғанымен, қатерлі жаумен бетпе-бет кездескен Комитет қызметкерлері қаймықпастан қажетті қорытынды шығарып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керекті шешімдерді қабылдай білді.
20 қараша 2021 ж. 82 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области