Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда екі жүк көлігі соқтығысып, 1 адам қайтыс болды

Қармақшыда екі жүк көлігі соқтығысып, 1 адам қайтыс болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының бойында екі жүк көлігі соғысты. Апаттың салдарынан бір адам қаза болған.
Көлік апаты Қармақшы ауданына қарасты IIІ Интернационал ауылының тұсында жергілікті уақытпен сағат 15.00-де болды. Жол бойында «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.
«Соның салдарынан «Volvo» қарама-қарсы бағытта келе жатқан «КаМАЗ» жүк көлігін соққан. Нәтижесінде «КаМАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы болғандығы көрсетілген. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспаөз қызметі.
05 мамыр 2020 ж. 238 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области