Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Су жетіспесе ағзада қандай өзгеріс болады?

Су жетіспесе ағзада қандай өзгеріс болады?

Kyzylorda-news.kz. Әлемде әрбір үшінші адам ағзаға су жетіспегеннен зардап шегеді, бірақ олардың үштен екісі бұл туралы білмейді. Қажетті мөлшерде су ішпеу небір дерттің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, адам сусыз 72 сағаттан артық өмір сүре алмайды. Егер су жетіспесе, адам ағзасы дабыл қаға бастайды


Тамақтың құрғауы
Ауыздың, тамақтың құрғауы, шөлдеу – дегидратацияның ең негізгі белгілері. Бұл сигналдарды жиі елемеу басқа да күрделі проблемаларға әкеп соғуы мүмкін.

Терінің құрғауы мен «сұрлануы»
Адамға су жетіспейтіні көзге анық көрініп тұрады. Өйткені, дегидратация бірден теріге әсер етеді. Бет пен қол терісі құрғап, икемділігін жоғалтады.

Көздің құрғауы
Денеге сұйықтық жетіспесе, көздің шырышты қабаты жеткілікті түрде ылғалданбайды, сондықтан көзге құм толғандай жағымсыз сезім пайда болады. Тамақтанар алдында 10 минут бұрын кем дегенде бір стақан су ішу керек.

Көз астының «көлеңкеленуі»
Көз аймағындағы майлы тін дегидратацияға да, артық сұйықтыққа да сезімтал келеді. Су жетіспеушілігінің жиі кездесетін белгісі – көз астының қараюы.

Жүрек қағысының жиілеуі
Ғалымдар дегидратация жүрек ырғағына қатты әсер ететінін ұзақ уақыт бойы дәлелдеді. Денедегі сұйықтықтың болмауына байланысты плазма көлемінің төмендеуі қан айналымының жоғарылауына және жедел импульстік ритмге әкеледі.

Бас ауруы және бас айналу
Егер бас ауырып, айналса, су ішу режиміне назар аудару керек. Өйткені су жетіспесе, миға оттегі мен қан ағыны да азаяды, осылайша бас ауырады.

Жалған дабыл
Адам көбінесе шөлдеу белгілерін ажырата алмайды, шөлдесе, қарным ашты деп шатастырады.

Бұлшық еттің ауырсынуы
Бұлшық ет көбінесе су жетіспегеннен ауырсынады. Адамның буыны мен шеміршегі 80% судан тұратынын бәрі бірдей біле бермейді. Судың жетіспеушілігі сүйек арасында үйкеліс тудырады. Демек, буындардың ауыруы, тіпті құрысулардың да себебі дегидратация болуы әбден ықтимал.

Бүйректе тас пайда болады
Суды аз ішу бүйректе тас пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Тез шаршау
Адам ағзасындағы барлық метаболикалық процестер, соның ішінде жасушалардағы энергия өндірісі сұйықтық жеткіліксіз болса, айтарлықтай баяулайды. Ең көп зардап шегетін – ми, ол 90% судан тұрады және дегидратацияға өте сезімтал. Бұл – шаршау мен бас ауруын тудырады. Сондықтан мамандар дәрі ішуге асықпауға кеңес береді. Кәдімгі бір стақан су жағдайыңызды оңалтуы мүмкін.

21 қараша 2021 ж. 149 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области