Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда 250 орындық мектептің іргетасы қаланды

Қазалыда 250 орындық мектептің іргетасы қаланды

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде 250 орындық мектептің құрылысы басталды.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Мнажадин Өтеев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбановтар мектептің алғашқы кірпіштерін қалап, тұрғындарды айтулы қуаныштарымен құттықтады.

Достық көшесінің бойында бұрынғы №170 мектептің орнынан бой көтеріп жатқан білім ордасының құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС құрылысшылары жүргізуде. Мектеп 2 қабатты. Ғимараттың жалпы аумағы 2712,51 шаршы метр.

22 қараша 2021 ж. 144 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области