Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2025 жылға қарай ауыл мектептерінің 95 пайызы жаңғыртылады

2025 жылға қарай ауыл мектептерінің 95 пайызы жаңғыртылады

Kyzylorda-news.kz. 2025 жылға қарай ауыл мектептерінің 95 пайызы жаңғыртылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауылда білім беру сапасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай 5000 мектепке жаңғырту жүргізу жоспарлануда. Бұл ауыл мектептерінің – 95 пайызы. 2021 жылы 5000 мектептің 1015-і, 2022 жылы – 1003 мектеп, 2023 жылы – 994 мектеп, 2024 жылы – 994 мектеп, 2025 жылы – 994 мектеп жаңғыртылатын болады. Барлығы 5000 мектепті жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 51,4 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған», – деп атап өтеді Премьер-Министр жауабында.

Оның атап өтінше, ауыл мектептерін жаңғырту күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуді, мектептерді пәндік кабинеттермен, мектеп жиһазымен жарақтандыруды, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңғыртуды, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуді қамтиды.

«Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, мектеп құрылысының жаңа моделін бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, алдағы 5 жылға арналған мектеп құрылысына қажеттілікке егжей-тегжейлі талдау жүргізді және 2021-2025 жылдарға арналған 800 мектеп құрылысының жоспар-кестесін әзірледі»,- деді Үкімет басшысы.
23 қараша 2021 ж. 86 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области