Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мектептерде қазақ күресі мен тоғызқұмалақ міндетті сабақ ретінде өткізілмек

Мектептерде қазақ күресі мен тоғызқұмалақ міндетті сабақ ретінде өткізілмек

Kyzylorda-news.kz. Елімізде орта мектептерде «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату» бойынша міндетті сабақ өткізу әдістемесі әзірлеп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде спорт секциялармен шамамен 1,4 млн бала немесе мектеп жасындағы балалардың жалпы санының (3,5 млн) 40 пайызы, оның ішінде 422 мыңнан бастам бала мектептен тыс ұйымдарда қамтылған. Бұқаралық спортты дамыту аясында спорт инфрақұрылымын, оның ішінде ауылды жерлерде дамытуға баса назар аударылып отыр. Мәселен, 2023 жылға дейін шамамен 159 ауыл мектебін спорт залмен қамтамасыз ету жоспарланған», – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының атап өтуінше, Білім және ғылым министрлігі дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмысын жолға қойған. Өткен жылы 447 дене шынықтыру мұғалімі біліктілік арттыру курсынан өтті. Ал биыл 2 мыңнан астам педагогты қайта даярлау көзделіп отыр. Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтарынан сабақтан тыс спорт үйірмелерін өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақының 100 пайызы мөлшерінде үстемеақы төлеу енгізілді. Үстемеақы дене шынықтыру мұғалімдерін білім беру ұйымдарында секциялар ашуға ынталандыратын болады.
09 наурыз 2021 ж. 150 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области