Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда қарқынды жұмыстар жүргізілуде

Қармақшыда қарқынды жұмыстар жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz.  Бүгінгі Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің бағындырған биігі, жеткен жетістігі, дербес ел ретінде іргесін бекітіп, алты құрлыққа танылуы – мұның бәрінде Елбасының ұшан-теңіз еңбегі, қалтқысыз қызметі мен қажыр-қайраты жатыр.

Қазірде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының жетекшілігімен «Nur Otan» партиясы–Қазақстан үшін сындарлы сәттерде, қиын да күрделі міндеттерді атқарған, Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан, еліміздегі жетекші саяси күш ретінде танылды.

Биылғы жылы елімізде өткен үлкен саяси науқаннан кейін «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына сәйкес «Nur Otan» партиясы жоспарланған міндеттері іс-жүзінде іске асыра бастады.

Осы мақсатта, ауданымызда Елбасы мен Мемлекет басшысы берген тапсырмалаларды орындау бағытында 2021-2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының Қармақшы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаларын іске асырудың Жол картасы бекітілді.

Жол карта 7 бағытты қамтитын 80 іс-шарадан тұрады. 80 іс-шараның 54 іс-шарасы орындалды, 26 іс-шарасы орындалу үстінде.

«Экономикалық тұрақты аймақ» бағыты аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында 2025 жылға дейін 267 млн теңгені құрайтын 15 жобаны іске асыру көзделуде.

2021 жылы 32,0 млн теңгеге жоспарлаған жұмыстар толығымен аяқталып, Жаңажол, ІІІ Интернационал және Дауылкөл ауылдарында жем шығаратын цехтар пайдалануға берілді.

2021 жылы 1611 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, жоспар 138,5 пайызға орындалып, 2231 жаңа жұмыс орны ашылды.

Аудандағы ірі жобаның бірі – Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының іске қосу болып отыр. Қазіргі таңда жоба бойынша құс фабрикасының құрылыс жұмыстары аяқталып, құрал-жабдықтар алу жұмыстары жүргізілуде.

Азық-түліктің бағасын тұрақтандыру мақсатында Жосалы және Төретам кенттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сөрелері қойылып, өнімдернарықтағы бағадан төмен бағада сатылуда.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 369 жоба 1 млрд 133 млн теңгеге қаржыландырылды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жобаларды қаржыландырылу сомасы 1,8 есеге артты (2020 жылдың 9 айында 378 жоба 613 млн теңгеге қаржыландырылды).

Оның ішінде: «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 114 жоба 642,2 млн теңгеге несиелендірілді. Бағдарлама шеңберінде ісін жаңа бастаған 5 жас кәсіпкерге 11,2 млн теңгенің гранты берілді. Қазірде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының жетекшілігімен «Nur Otan» партиясы–Қазақстан үшін сындарлы сәттерде, қиын да күрделі міндеттерді атқарған, Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан, еліміздегі жетекші саяси күш ретінде танылды.

Биылғы жылы елімізде өткен үлкен саяси науқаннан кейін «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына сәйкес «Nur Otan» партиясы жоспарланған міндеттері іс-жүзінде іске асыра бастады.

Осы мақсатта, ауданымызда Елбасы мен Мемлекет басшысы берген тапсырмалаларды орындау бағытында 2021-2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының Қармақшы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаларын іске асырудың Жол картасы бекітілді.

Жол карта 7 бағытты қамтитын 80 іс-шарадан тұрады. 80 іс-шараның 54 іс-шарасы орындалды, 26 іс-шарасы орындалу үстінде.

«Экономикалық тұрақты аймақ» бағыты аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында 2025 жылға дейін 267 млн теңгені құрайтын 15 жобаны іске асыру көзделуде.

2021 жылы 32,0 млн теңгеге жоспарлаған жұмыстар толығымен аяқталып, Жаңажол, ІІІ Интернационал және Дауылкөл ауылдарында жем шығаратын цехтар пайдалануға берілді.

2021 жылы 1611 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, жоспар 138,5 пайызға орындалып, 2231 жаңа жұмыс орны ашылды.

Аудандағы ірі жобаның бірі – Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының іске қосу болып отыр. Қазіргі таңда жоба бойынша құс фабрикасының құрылыс жұмыстары аяқталып, құрал-жабдықтар алу жұмыстары жүргізілуде.

Азық-түліктің бағасын тұрақтандыру мақсатында Жосалы және Төретам кенттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сөрелері қойылып, өнімдернарықтағы бағадан төмен бағада сатылуда.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 369 жоба 1 млрд 133 млн теңгеге қаржыландырылды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жобаларды қаржыландырылу сомасы 1,8 есеге артты (2020 жылдың 9 айында 378 жоба 613 млн теңгеге қаржыландырылды).

Оның ішінде: «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 114 жоба 642,2 млн теңгеге несиелендірілді. Бағдарлама шеңберінде ісін жаңа бастаған 5 жас кәсіпкерге 11,2 млн теңгенің гранты берілді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 73 жоба 251,2 млн теңге несиелендіріліп, ісін жаңа бастаушы 150 азаматқа 87,5 млн теңгенің гранты берілді.

«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде бері 25 жоба 110,0 млн теңгеге несиелендірілді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» жеке қаражаты есебінен мал шаруашылығын дамытуға 2 жоба 26,0 млн теңгеге несиелендірілді.

«Жайлы аудан» бағыты аясында2021 жылдан бастап ауданда елді мекендерде барлығы 34,345 шақырымды құрайтын ішкі көшелер жөндеуден өтіп, 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 95 пайызға жететін болады.

Осы жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жосалы, Төретам кенттерінің және Ақай, ІІІ Интернационал ауылдары бойынша, барлығы 40 көшегежөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында көпбалалы отбасыларға 10 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қаражаты есебінен жастарға және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйлер салу жұмыстары пысықталуда. 5 жылда осындай 50 тұрғын үйді және Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда.

Елді мекендердің электр желілерін жөндеу жұмыстарыбойынша Жосалы, Төретам кенттерінде және Ақай ауылында электр желілері жөндеуден өтті.

Ауданның елді мекендері толықтай таза ауыз сумен қамтылған. Байқоңыр қаласына және Төретам кентіне сумен жабдықтау желілерін кеңейту жобалары іске асырылады.

2021 жылы Жосалы кенті табиғи газға қосылды. Қазіргі таңдатабиғи газға қосылуға 1502 өтінім түсіп, 1072 отбасы көгілдір отынның игілігін көруде.
Сонымен қатар, Төретам кенті мен Ақай елді мекеніне ішкі орамдар бойынша газ тарату желілері жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама дайындалып, алдағы уақытта республикалық бюджет есебінен қаржыландыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта кезең кезеңімен елді мекендерді газге қосу жұмыстары қолға алынады.

Ауданның елді мекендерін көгалдандыру мақсатында отырғызылатын ағаштар саны, жасыл белдеу көлемі белгіленді.

Әлеуметтік бағдарланған аймақ бағыты бойынша 2 елді мекендегі медициналық мекемелердің (Қармақшы аудандық аурухана) жылу қазандықтарды газге ауыстыруға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін көрсету сапасын арттыруда Дүр Оңғар, Тұрмағамбет дәрігерлік амбулатория ғимараттарын салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2022 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылға дейін орталық ауруханаға 3 жедел медициналық жәрдем автокөлігін сатып алынады.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында жоспарлы кезеңде Байқоңыр қаласы, Жосалы, Төретам кенттерінде және Ақай, Ақжар, Тұрмағамбет, ІІІ Интернационал ауылдарында 8 орта мектептердің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіледі.

Оқушыларға сапалы білім алуға қолайлы жағдайды қамтамасыз ету ауданның одан әрі дамуы үшін маңызды шарт. Ауданда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін 462 компьютер, 1790 ноутбук пен 600 планшет сатып алынып, осал топқа жататын отбасы балаларына 453 арнайы құралдар берілді және демеушілер арқылы 78 құрал табысталды.

1 жаспен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 85,7 пайызға жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Жосалы кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, сонымен қатар Жосалы, Төретам кенттерінде стритбол алаңдарыпайдалануға берілді. 2025 жылға қарай халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануын 34,8 пайызға жеткізу жоспарланды.

Жастарға арналған аудан бағытынегізінде жыл сайын 230 жасты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланды. Жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 5 жыл ішінде 330 маманға әлеуметтік қолдау көрсетіледі (тұрғын үй, көтерме жәрдемақысын беру). Бұл мақсатта республикалық бюджеттен жылма-жыл қаржы бөлінуде.

Тарих пен мәдениетті дамыту бағытыаясында Партияның «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыра отырып, отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізіледі.

Қасиетті және көрнекті орындарға өлкетану экспедициялары мен экскурсиялардың өткізілуіне («Қорқыт ата» мемориалдық кешені), ауданның қасиетті жерлерін абаттандыру мен құрылысын салу жоспарланды.

«Ашық және есеп беретін жергілікті органдар» бағыты аясында «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің электрондық форматтағы үлесі 70,3 пайызды құраса, 2025 жылға қарай 90 пайызға жеткізу көзделген.

«Қауіпсіз аймақ»бағыты аясында 2024 жылға дейін аудандағы көше жарықтарын орнату іске асырылып, аудан көлемінде 60 бейне бақылау камералары орнатылады. «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» профилактикалық шаралары өткізіліп, жергілікті полиция қызметкерлері бейне тіркеу құралдарымен қамтылады.

Біздің негізгі міндетіміз – ауданның әрбір тұрғынының сенімін ақтау. Жоспарланған жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуы тікелей аудандық партия филиалының бақылауында болады. Алдағы уақытта Жол карта аясында қойылған мақсаттардың барлығы орындалып, аудан халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты жақсарып, озық, қуатты өңірге айналатынымызға сенімім мол.

Қайрат НҰРТАЙ,

«Nur Otan» партиясы

Қармақшыаудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі
23 қараша 2021 ж. 90 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области