Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бас мүфти «қара жұма» атауын өзгертуді ұсынды

Бас мүфти «қара жұма» атауын өзгертуді ұсынды

Kyzylorda-news.kz.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «қара жұма» атауын «жомарт жұма» деп өзгертуді ұсынды.

Мүфтият сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Бас мүфти бұл ұсынысты еліміздегі сауда орталық иелері мен кәсіпкерлерге бағыттады.

Бас мүфти кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсіп жатқанын айтты.

«Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталық иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын», – деді ол.

Оның айтуынша, «жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз.

«Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұма» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
25 қараша 2021 ж. 157 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области