Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚМДБ коронавирустың алдын алу шараларына орай жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ коронавирустың алдын алу шараларына орай жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады

Kyzylorda-news.kz. Әлемге жайылып келе жатқан қауіпті дертті ДДСҰ пандемия деп жариялаған соң Қазақстанда да алдын алу шаралары күшейе түсті. Осы орайда еліміздегі мұсылмандар діни басқармасы коронавирустың алдын алу шараларына орай жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады.
«Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр.
Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдейді:
Жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;
Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
Намаздан кейін жамағат қол беріп «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;
Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.
Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді», - делінген ҚМДБ үндеуінде.
16 наурыз 2020 ж. 286 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области