Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда аумағындағы 812 шақырым жолды ақылы ету жоспарлануда

Қызылорда аумағындағы 812 шақырым жолды ақылы ету жоспарлануда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының аумағынан өтетін республикалық маңызы бар ұзындығы 812 шақырымды құрайтын Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қаласы автомобиль жолдары биылғы жылы ақылы жолға өтуі жоспарланды.

Жоспарға сәйкес, 9 жерге автомобиль аралық бақылау аркалары орнатылып, 3 жерден жүйені пайдаланушыларға қызмет көрсету орталықтары ашылды. Сондай-ақ елімізде төрт жыл ішінде 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерұлан Жүнісов хабарлады.

«Қазіргі таңда 7 жаңа ақылы учаскені пайдалануға енгізу туралы бұйрыққа қол қойылды және Әділет министрлігінде тіркелуде. Бұйрыққа сәйкес, І-ші техникалық санаттағы учаскелердегі ақылы жүйе 15 қарашадан бастап енгізілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп аталған трассаларда ақы алудың «ашық» жүйесін енгізу шешімі қабылданған. Бұл жүйе ақылы учаскелерде шлагбаумдардың мүлде болмауымен ерекшеленеді. Олардың тарифіне келер болсақ, жеңіл көліктерге 1 шақырымға 1 теңге көлемінде, ал жүк көліктеріне және автобустарға техникалық көлемдеріне байланысты 5 теңге мен 25 теңге аралығында болмақ», – деді Ерұлан Бақтыбайұлы.

«Ақылы жолдар жобасы 2019 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қабылданды. 2021 жылдың ақпан айының 15-19 аралықтарында төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, әрбір аудандарда, облыс орталығында ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Бұндай тыңдаулар барлық облыстарда өтуде. Жалпы қорытынды бойынша барлық аймақтардан ұсыныс-пікірлер жинақталуда», – деді автомобиль бөлімінің басшысы Нұртай Қуанышбаев.
26 қараша 2021 ж. 141 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области