Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша жұмыс істеуге заңды түрде рұқсат берілмек

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша жұмыс істеуге заңды түрде рұқсат берілмек

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның мемлекеттік қызметшілеріне қосымша жұмыс істеуге заңды түрде рұқсат берілмек. Ақпаратты мемлекеттік қызмет істері агенттігі (ҚҚА) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасында ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің өзге де ақы төленетін (педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа) және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде кәсіпкерлік қызметке қатысуға құқығы жоқ. Қазіргі таңда бұл бағытта белгілі бір шаралар қолға алынып жатқанымен, мемлекеттік қызметшілер лайықты жалақы алмай отыр. Осыған байланысты, біздің ойымызша, бұл шектеулерді әлсіретіп, оларға қосымша табыс алу мүмкіндігін беру қажет», – делінген хабарламада.

Бұл ретте, идея авторларының пікірінше, қосымша жұмыс мемлекеттік қызметтің беделін түсіруге, мемлекет мүддесіне қайшы келмеу керек.

«Бұл ретте қызметтің жекелеген түрлерін шектейтін критерийлерді белгілеу орынды сияқты. Мысалы, тыйым салу мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін, мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соғатын, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін және (немесе) тұлғаның моральдық-этикалық бейнесін бұзатын «өзге» әрекеттерге қатысты», – делінген құжатта.

Атап өткендей, сонау 2020 жылдың наурызында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытынан тыс уақытта шығармашылық және өзге де ақылы қызметпен айналысу тәртібін қамтамасыз ету тапсырылған болатын.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулерді сақтай отырып, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтауға болады деп есептейміз», – делінген тұжырымдамада.
26 қараша 2021 ж. 214 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области