Мұз үстіне шығу қауіпті
Kyzylorda-news.kz. Қыс мезгілінде ауа райының құбылмалылығына қарай өзен-көлдердегі мұз қалың болып қатпайды, көп жерлерде тек мұз ойықтарында су бетін қабыршақ қана жауып тұрады. Сондықтан қазіргі уақытта мұздың үстіне шығу өте қауіпті. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы үлкен қатерден сақтануға болады.
Мұны білген шарт:
– судағы қатқан мұздың қалыңдығы 10 см болса, ол адам үшін қауіпті болып саналады;
– өзен бұрылыстары мен ағынды суларда, ағысы қатты жерлерде, ағаш, қамыс, бұталар өскен су аймақтарында мұз өте әлсіз болады;
– егер ауаның температурасы 0-ден жоғары үш күн бойы ұстаса, мұздың қаттылығы 25% төмендейді;
– мұздың қатқанының сапасын былай анықтауға болады: егер мұз түсі көгілдір болса – қатты, егер ақ түсті болса сапасы 2 есе төмендейді, егер сұр, ақшыл немесе сарғыш аралас болса мұз әлсіз дегенді білдіреді, мұндайда мұзға шығуға болмайды.
Егер суық суға абайсыздан түсіп кетсеңіз не істеу қажет?
– Сасқалақтамаңыз, шұғыл қимылдар жасамаңыз, бірқалыпты демалыңыз;
– Қолыңызды жазып, денеңізді ағыс бағытына тіке қойып, мұздан ұстауға тырысыңыз;
– Ақырындап кеудеңізді мұз үстіне шығарып, алдымен бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды мұз үстіне шығаруға тырысыңыз;
– Мұз үстіне шыққаннан кейін ақырындап жағаға қарай еңбектеңіз, ол жердегі мұз тексерілген, қатты.
Егер сіз біреуге көмектескіңіз келсе:
– Кез-келген ұзын таяқша, тақтайша, шыбық, жіпті қолданыңыз (шарфтарды, белбеулерді, керек жағдайда киімдерді байлап қолдануға болады);
– Аяқ пен қолды жан-жаққа созып, құтқару құралдарын алдынан итере отырып, мұз ойығына қарай еңбектеңіз;
– Судағы адамға бірнеше метр қашықтықта тоқтап, құтқару құралын лақтырыңыз, киімді, арқанды, таяқшаны, бұтақты т.б.;
– Зардап шегушіні мұз үстіне шығарып, келген жаққа қарай бірге еңбектеңіздер.
Зардап шеккен адамды жылы жерге әкеліңіз. Көмек көрсетіңіз: су киімдерін шешіңіз, спирт немесе арақ жағып, қолыңызбен денесін тез, шапшаң қимылмен уқалаңыз (қызарғанға дейін), ыстық шай беріңіз. Ешқашан да зардап шегушіге алкоголь бермеңіз – мұндай жағдайдың соңында адамның талып қалуы мүмкін.