Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ертеңнен бастап күн жылиды

Ертеңнен бастап күн жылиды

Kyzylorda-news.kz.  Алдағы үш күнде – 2021 жылдың 30 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Қазақстанда күн жылы болады, деп болжады Қазгидромет мамандары.

«Аязды әкелген суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп кетеді», – деп атап өтті синоптиктер.

Оның орнын Қара теңіз аумағынан келетін жылы батыс циклоны басады, жаңбыр, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін, Түркістан облысында 20 градусқа дейін жылы болады.

Тек 2 желтоқсанда кезекті антициклон республиканың батыс өңірлеріне жылжиды, сол себепті температура аздап төмендейді: түнде 5 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз – 5 градус жылы болады. Маңғыстау облысында күн 10 градусқа дейін жылынады.

Республиканың солтүстік-шығысында және оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз.
29 қараша 2021 ж. 94 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области