Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қайта вакцинациялаудан 192 адам өтті

Қызылордада қайта вакцинациялаудан 192 адам өтті

Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысында ревакцинациялау жұмыстары өткен аптада басталды. Қазіргі кезде коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялаудан облыс бойынша 192 адам өтті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.

Одан бөлек, өңірімізге 23400 доза «Pfizer» вакцинасы келді. Бұл вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер және жүкті әйелдермен бала емізуші әйелдерге арналған. Бүгінде «Pfizer» вакцинасын 4951 адам салдырды. Оның 3653-і бала, 646-сы жүкті әйел, 652-сі босанған әйел.

Айта кету керек, індет басталғалы бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 19294 науқас тіркелді. Өткен тәулікте 5 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны 97 пайызды құрайды. Облыс бойынша инфекциялық стационарда 117 науқас, реанимациялық төсек-орында 14 науқас ем қабылдап жатыр.

Ал, вакцинациялау жұмыстары басталғалы бері облыста вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 403 511, халықтың қамтылуы 89,2 пайызды құрады. Екінші компонентпен – 344 815 (76,2 пайыз) адам егілді.
29 қараша 2021 ж. 105 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области