Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда алаяқ ауылдасын 2 млн теңгеге алдап түсірген

Жаңақорғанда алаяқ ауылдасын 2 млн теңгеге алдап түсірген

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған аудан тұрғыны танысы мамыр айында 2 млн теңгесін алдап алғаны үшін Жаңақорған аудандық полиция бөліміне арызданған. Алаяқ Шымкент қаласынан төмен бағада алтын әкеліп беруге уәде еткен.

Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 33 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол Жаңақорған ауданның тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Бүгінгі күнге алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында Қызылорда облысы Полиция департаментімен кешенді іс-шаралар атқа­рылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде.Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал. Алаяқтықпен күресті бүкіл ел болып жүзеге асыруымыз керек. Бұл – баршаға ортақ іс»,-деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.
29 қараша 2021 ж. 140 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области