Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада дарияға жеңіл көлік батып кетті

Қызылордада дарияға жеңіл көлік батып кетті

Kyzylorda-news.kz. 29 қараша күні түнгі сағат 03:58-де Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы Рисмаш шағын ауданы маңындағы бөлігіне автокөлік түсіп кетті. Көлікте 2 адам болған. Бұл туралы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Хабарлама келіп түскеннен соң су асты іздестіру жұмыстары басталды. «DAEWOO NEXIA» автокөлігінде 2 адам болған. Жолаушы 1994 жылы туған азамат өз күшімен сыртқа шыққан. Көлік жүргізушісі 1994 жылы туған азамат автокөлік ішінен шыға алмай қалған. Сағат 09:22-де автокөлік судан шығарылып, жүргізушінің денесі туыстарына тапсырылды», – делінген хабарламада.

Су астындағы іздестіру жұмыстарына 17 құтқарушы 4 техникасымен, 1 жүзу құралымен атсалысты.

Департамент қызметкерлері автокөлікте барынша қауіпсіздік ережесін сақтап, жолда сақ болуды, мүмкіндігінше түнде жолға шықпауды сұрайды.
29 қараша 2021 ж. 104 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области