Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНА КӘСІПКЕРЛЕР КӨМЕКТЕСУДЕ

ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНА КӘСІПКЕРЛЕР КӨМЕКТЕСУДЕ


    Қызылорда қаласындағы құлаған жатақхана тұрғындарын «Аль Асад» ЖШС директоры Төреғали Шанкерей қамқорлығына алып, баспанаға көшкенше тамақтандырып, тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз етуде.
    «Аталған жатақхана тұрғындары уақытша біздің мектепке орналастырылды. Бүгінде 150-ге жуық адамды уақытша тұрғынжаймен қамтамасыз етіп отырмыз. Тұрғындар біздің бекетке келген уақыттан бастап қызылордалық кәсіпкер Төреғали Қарышұлы азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етуді мойнына алды. Тіпті, сәбилердің жөргектеріне дейін өлшемін сұратып, қамтамасыз етуде. Уақытша қиындыққа кезіккен азаматтарға осылайша қолұшын созып отырған кәсіпкерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - деді «Мұрагер» мектебі директорының орынбасары Эльмира Азатбаева.
    Мұнан өзге, мектептегі №6 «а» сынып оқушыларының ата-аналары жатақхана балаларына арнайы қойылымдар ұйымдастырып, көңілін көтерді.
    Айта кету керек, 28 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 22.40-та Титов тұрғын ауданы 16 А мекенжайы бойынша орналасқан жатақхананың тұрғындар қоныстанбаған бөлігі құлады. Ғимараттың төртінші подъездінің 1 және 5 қабаты аралығындағы бөлігі опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Жатақхананың екінші бөлігінде тұратын 46 отбасы қауіпсіз жерге, «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетке көшірілді.
    Жақсылық жасауға асығайық!
    Қызылорда облысы
    кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі




02 наурыз 2018 ж. 655 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области