Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ОРНЫНА БАРДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ОРНЫНА БАРДЫ


    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Титов тұрғын ауданындағы бір бөлігі құлаған жатақхана орнына барды. «Мұрагер» мектебіне уақытша орналастырылған тұрғындармен жүздесті.  
    Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 22.40-та Титов тұрғын ауданы 16 А мекенжайы бойынша орналасқан жатақхананың тұрғындар қоныстанбаған бөлігі құлады. Ғимараттың төртінші подъездінің 1 және 5 қабаты аралығындағы бөлігі опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Жатақхананың екінші бөлігінде тұратын 46 отбасы қауіпсіз жерге, «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетке көшірілді. Оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғындар тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
    Қазіргі таңда, аталған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды. Облыс әкімі Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындар 6 ай мерзімге уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қаржысы жергілікті бюджеттен беріледі. Сондай-ақ, арнайы комиссия құрылып, олар әр тұрғынның жағдайын зерттеп, заң шеңберінде баспанамен қамтамасыз етілмек.
    Аталған жағдай облыс əкімдігі мен қала басшылығының жіті бақылауында.


01 наурыз 2018 ж. 634 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области