Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ерболат Көштаев: Жолдардың сапасына бірінші кезекте техникалық қадағалаушы жауапты

Ерболат Көштаев: Жолдардың сапасына бірінші кезекте техникалық қадағалаушы жауапты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиал мамандары жыл басынан бері 223 нысанға 473 рет жолдардың сапасын қадағалауға шықты. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерболат Көштаев мәлімдеді.

«Ішінара тексеру барысында барлығы 1297 сынама алынды. Соның ішінде 460 жол құрылыс материалдарының сынамасы нормативтік құжаттардың талаптарына сай болмай шықты. Аспаптық тексеру кезінде анықталған 190 ақаудың, 59-ы өрескел олқылықтар. Біздің тарапымыздан берілген ескертпе нәтижесінде 22 700 000 теңге 8404 м² асфальт бетон жамылғысы ауыстырылып қайта салынды. Тапсырыс берушілер мен мердігерлерге табылған кемшіліктер бойынша хаттар жолданды», – дейді Ерболат Көштаев.

Қазіргі уақытта жоғарыда айтылған 460 нормативке сай келмеген жол құрылыс материалдарының 189 сынамасы қалпына келтірілді. Аспаптық тексеру барысында табылған 190 ақаудың 123-і қалпына келтірілді.

«Қызылорда облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиал қызметкерлері 5 нысанға 158 рет жолға тексеру жұмыстарына шықты. Ішінара тексеру барысында 47 сынама алынып тексерілді, оның ішінде 1 жол құрылыс материалының сынамасы нормативтік құжаттардың талаптарына сай болмай шықты. Аспаптық тексеру бойынша 130 ақаулар анықталды. Біздің тарапымыздан берілген ескертпе ақаулардың нәтижесінде 3 600 000 теңге 360 м² асфальт бетон жамылғысы ауыстырып қайта салынды. Тапсырыс берушілер мен Мердігерлерге табылған кемшіліктер бойынша хат жолданды», – деді филиал директоры.

Қазіргі уақытта анықталған сапасыз жол құрылыс материалы толық қалпына келтірілді, аспаптық тексеру бойынша табылған 130 ақаудың, 114-і қалпына келтірілді, 16 ақауды жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

«Сонымен қатар жергілікті маңыздағы жолдардың 150 нысанына 224 рет тексеру жүргізілді. Ішінара тексеру барысында 971 сынама алынып тексерілді, оның ішінде 383 жол құрылыс материалдарының сынамалары нормативтік құжаттардың талаптарына сай болмай шықты. Аспаптық тексеру бойынша 54 ақаулар анықталды. Тапсырыс берушілер мен Мердігерлерге кемшіліктер бойынша хат жолданды. Бүгінгі күнге жіберілген кемшіліктер толығымен қайта қалпына келтірілді. Жоғарыда айтылған кемшіліктердің көбісі аудандарда және ауылдық округтерде салынып жатқан жолдарда анықталып отыр», – дейді Ерболат Көштаев.

Айта кету керек, жолдардың сапалы салынуына ең бірінші кезекте жеке техникалық қадағалаушылар жауапты. Олар олқылықтарды дер кезінде анықтап, құрылыстың талапқа сай жүруіне ықпал етуі тиіс. Бірақ, техникалық қадағалаушылар көбіне өз міндетіне немқұрайлықпен қарап, мердігердің кемшілігін елемей жатады. Жол құрылысында жауапсыздық танытқан екі маманға жол активтерінің ұлттық сапа орталығы шағым келтіріп, құзырлы мекеме тарапынан шара көрілді. Яғни, екі техникалық қадағалаушы 6 айға дейін лицензиясынан айрылып, оларға заңға сәйкес айыппұл салынды.
30 қараша 2021 ж. 128 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области